Мекен-жай
Алматы қ., Жетысу-1 ы-а, д. 32а
Пошта
info@mtgu.edu.kz
Байланыс
+7 (727) 376-74-78 (вн-515)

Кітапхана туралы

Кітапхана тарихы Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің негізі қаланған 2000 жылдан бастау алады.

Кітапхана қызметінің басты басымдығы – оқу үдерісін, ғылыми зерттеулерді, оқытушылық және оқу-тәрбие жұмыстарын барлық бағыттар бойынша толыққанды әрі жедел ақпараттық-библиографиялық сүйемелдеумен қамтамасыз ету.

Кітапхана келесідей ақпараттық-библиографиялық қызметтерді көрсетеді:

  • Пайдаланушыларға әдебиеттерді беру;
  • Интернет желісіне және Wi-Fi жүйесіне қолжетімділік;
  • Кеңес беру және электрондық каталогты пайдалану мүмкіндігі;
  • Жаңа түсімдер туралы ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды дайындау;
  • Жаңадан келіп түскен басылымдар мен тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру.

ХКГУ кітапханасының құрылымында 3 оқу залы, 2 кітап қоймасы және абонемент бөлімі бар.

Кітапханада ерекше білім беру қажеттіліктері бар пайдаланушылар үшін арнайы жабдықталған жұмыс орны қарастырылған:

  • Лампа;
  • Микрофоны бар құлаққап;
  • Брайль шрифтімен таңбаланған пернетақта;
  • NVDA экрандық дыбыстау бағдарламасы;
  • Брайль шрифтімен басылған кітаптар.

Кітапханада ішкі және сыртқы ақпарат көздерін кедергісіз пайдалану үшін барлық жағдай жасалған.

Кітапханада университеттің жергілікті желісіне қосылған, Интернеті бар 25 компьютер оқырмандар игілігіне берілген.

Ақпараттық кеңістікті ұлғайту мақсатында Республикалық ғылыми-техникалық кітапханамен (РҒТК), Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен (РЖОЭК), сондай-ақ «IPR MEDIA» ресми дистрибьюторы – «EDP HUB» ЖШС-мен өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған.

Кітапхананың әмбебап қоры қазақ және орыс тілдеріндегі оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді қамтиды. Жалпы қор – 319 173 дана.

Оқу және оқу-әдістемелік басылымдар: 296 108 дана

Ғылыми әдебиеттер: 20 160 дана

Анықтамалықтар: 2 905 дана

Тілдер бойынша:

Қазақ тілінде: 109 422 дана

Орыс тілінде: 209 751 дана

Университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес кітап қоры жыл сайын жаңартылып тұрады.

Оқырмандар қатарында студенттер, магистранттар мен докторанттар, сонымен қатар оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері бар.

Кітапхананың барлық жұмыс үдерісі «КАБИС» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

© mtgu.edu.kz. Электронная Библиотека Международного Транспортно-Гуманитарного университета | 2026

Жұмыс кестесі: ДБ-ЖҰМА, 08:00-17:00